Компания туралы

Protrade Central Asia компаниясы өзінің қызметін 2005 жылы ірі Британдық JCB құрылыс жабдықтарының өндірушісіне эксклюзивтік дилер болудан бастады. Компания Қазақстанның нарығына JCB кәсіби техникасын зор табыспен ұсынып, 2008 жылы американдық Hyster қойма және өнеркәсіп тиегіштерінің өндірішісіне эксклюзивтік дилер болу арқылы жаңа жүк көтеруші (қойма) бағытын дамыта бастады. Бизнестің дамуымен Қазақстанда ұсынатын брендтерінің саны да ұлғайды. Қазіргі таңда Protrade Central Asia JCB құрылыс техникасын өткізу және қызмет көрсету саласында сапалы қызмет көрсетеді, сондай-ақ, жүк көтергіш жабдықтарының Hyster, Magni, JLG и Combilift брендтерінің және Terex и Powerscreen уатқыш — сұрыптау жабдықтарының дилері болып табылады.

Даму стратегиясын дұрыс таңдау, жоғары стандартқа сай заманауи техника, еуропалық деңгейдегі қызмет көрсету – жетістіктің аталған негіздері, компанияның динамикалық дамуына және табысты компанияны құруына мүмкіндік берді.

Компанияның Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Ақтау, Орал және Шымкент қалаларында орналасқан филиалдар жүйесі және қызмет көрсету орталықтары жыбдықтардың және қызмет көрсетудің толық спектрін ұсынады.

Біздің компания Сіздерге техникалық мәселелердің кешенді шешімдерін ұсынады:

  • Техникаларды және жабдықтарды таңдау бойынша кеңес беру қызметі;
  • Техникаларды және аспалы жабдықтарды тікелей жеткізу;
  • Операторларды оқыту;
  • Сервистік-кепілдеме қызмет көрсету;
  • Кепілдемеден кейін қызмет көрсету;
  • Қосалқы бөлшектерді және шығын материалдарын уақтылы жеткізу.

Protrade Central Asia компаниясы ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес жұмыс істейді, қорды тиімді пайдаланады, сапа менеджментінің жүйесін үнемі жақсартады.

Қосалқы бөлшектер

Біздің компания өзінің клиенттерінің қажеттіліктерін жете түсінеді және ұсынып отырған техниканың дұрыс жұмыс жасауына мүдделі. Біздер үшін клиенттің инвестициясы үлкен табыс әкелуі маңызды. Ол үшін біз, өндірушілерден шығын материалдарын және қосалқы бөлшектерді уақытылы тікелей жеткізуді жүзеге асырамыз.

Техниканың жұмыс істеу тиімділігін арттыру және жұмыстың тоқтап қалуын болдырмау үшін, Қазақстанның ірі қалаларында: Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент және Өскеменде қосалқы бөлшектердің қоймасы ашылды.

Кепілдеме

Компания кепілдемелі және кепілдемеден кейін қызмет көрсету мерзімдерін жүзеге асырады. Кепілдімелі қызмет көрсетудің мерзімі (сатып алынатын техниканың өндірушісіне байланысты) барлық атқарылатын жұмыстарға шектеусіз, отын жүйесін қоспағанда 12 айды құрайды.

Қызмет көрсету (Сервис)

Біз клиенттерімізге сапалы қолдау көрсетуді қамтамасыз етеміз. Сұраныстарды жылдамдықпен қанағаттандыру мемлекетіміздің әр аймағында филиалдардың болуының арқасында жүзеге асырылады. Сонымен қатар біздің қызметіміздің қарамағында жөндеу және техникаға қызмет көрсететін 11 мобильді жылжымалы бригада бар.

Біздің ерекшелігіміз:

  • Операторларды тегін оқыту;
  • 24 сағат\ аптасына 7 күн техникалық қолдау көрсету;
  • 8 аймақта жоғары дәрежелі қызметкерлер;
  • Кез келген күрделіліктегі арнаулы техникаларды жөндеу;
  • Кепілдеме бойынша қолдау (қызмет көрсету);
  • Инженер механиктердің машиналарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге Қазақстан территориясына және ТМД елдеріне шығуы;
  • Техникаға арналған қосалқы бөлшектердің және жағар майлардың түпнұсқасын жеткізу.

Сервис қызметкерлері кез келген ақауларды оперативті жөндейді және келешекте оны болдырмауға байланысты кеңес береді.

Банер2