JCB өткен жылы компания тарихында үшінші пайданы алды

Маусым 2, 2014

Бүгін мәлім болғандай, өткен 2013 жылы 68 жастағы JCB компаниясы үшін ең табысты болды – пайда шамасы бойынша үшінші.

EBITDA талдау көрсеткіші бойынша 2,68 млрд. фунт стерлинг айналымында (салыстыру үшін 2013 ж.: 2,70 млрд. фунт стерлинг) пайда 2013 жылы 313 млн. фунт стерлингті (2013 ж.: 365 млн. фунт стерлинг) құрады. Сатылған JCB машинасының саны 66,227 (2012 ж. 69,250).

JCB HQ

JCB директорлар кеңесінің төрағасы лорд Бамфорд айтқандай: «2013 жылы құрылыс техникасының нарығы қауырт және ауыр болды, алайда, нарықтық жағдайдың қиындағына қарамастан біздің компания жоғары көрсеткіштерге жетіп, тарихта пайда шамасы бойынша үшінші болғанына қуаныштымын».

«Біздің айналымымыз 2013 жылдан бастап мүлдем өзгерген жоқ, бірақ дамып келе жатқан мемлекеттердегі нарықтың құлдырауына байланысты пайда көлемі едәуір төмендеді, соның ішінде JCB бойынша алдыңғы қатардағы Үндістанды атап айтуға болады. Оған қоса, кейбір мемлекеттерде валюталық өзгерістердің болуы, жағдайдың қолайсыздығына әкеліп соқты».

"Өткен жылы Ұлыбритания, Таяу Шығыс және Африкада айналымның өсуі Үндістандағы, Еуропадағы және Қиыр Шығыстағы қысқартуларды азайтты « деп Энтони Бамфорд сөзін жалғастырды.

»Ағымдағы 2014 жылдың басыда белгісіз. Кейбір нарықтар жақсарып келеді, Ұлыбритания, Солтүстік Америка сияқты нарығы дамыған мемлекеттерде сұраныс өсуде. Бұл Азия, Латын Америка және Ресей сияқты экономикасы әлсіз мемлекеттердегі аз сұранысты өтеуге мүмкіндік береді. Үндістан және Бразилиядағы сайлауға байланысты саяси белгісіздік сату нарығына әсер етуде".

JCB компаниясы ұзақ мерзімді әлемдік нарыққа қатысу бағдарламасы бойынша біртіндеп алдыңғы қатарға шығуда. Ағымдағы айда компания үндістандық Джайпурда техника өндіретін өзінің зауытын жұмысқа қосуда. Ұлыбританияда JCB Стаффордширдегі штаб пәтерінің аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр. Осы жоспарға 150 млн. фунт стерлингті инвестициялайды және 2018 жылға қосымша 2500 жұмыс орнын ашады. Жоспар бойынша жұмыс осы жылы басталады – ол Аттоксетерде JCB Cab Systems зауытын салу. Зауыттың аумағы 32,520 кв. метрден тұрады. Және жақын арада тағы да бір жаңа зауыт Стаффордшир графствосы, Чидл қаласында салынады.

барлық жаңалыктар »

Банер2