Potholemaster – JCB тиегіш экскаваторының жаңа үлгісі

Маусым 2, 2014

Атақты JCB өндірушісі Ұлыбританияның миллиондаған жолдарына төтенше жағдайдардан – шұңқыр және ойлардан құтқару үшін жаңа машинаны шығару арқылы соғыс жариялады.

Компания соңғы дайындықтарды аяқтауда және Potholemaster атауымен жаңа өнiмнің — жаңа таңбалы тиегіш экскаваторының құпиясын әлемге жария етуге дайын. Бұл модель автомобильшілердің өмірін едәуір бұзатын шұңқырларды біржолата жөндейді. Мемлекеттің үкіметі осы маңызды проблемамен күресуге 200 миллион фунт стерлинг бөлді және оған JCB өте жақсы шешім тапты!

Жаңа үлгі өзінің қозғалыс шапшаңдығымен ерекшеленеді, ол 40км/сағатқа тең. Алдыңғы жағы арнайы аспалы құрылғымен, шұңқырдың бетін және жолдың айналастарын тегістеуге арналған 45 болат тіспен жабдықталған.

Жұмыстың бұл бөлігін аяқтағаннан кейін, экскаватор үлкен қылшақпен шаңды, кірді және қоқысты сыпырады, ол машинаның алдыңғы жағында орналасқан. Осы екі міндетті жылдам және тиімді орындайды, осының арқасында жол одан кейінгі жөндеу жұмыстарына дайын болады.

Шұңқырды жөндеу 3CX Potholemaster-дің негізгі міндеті болып табылады. Жолды жөндеу үшін тұрақты машина бола тұра, бұл тиегіш экскаватор өзіне қуатты ағаш сүргілеу білдігін және қолға арналған құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін жинағыш күрегін үйлестіреді. Сонымен қатар, сіз жүретін жолды және оның шетіндегі шұңқырларды айқындай аласыз, тазалайсыз және дайындайсыз. Бірақ, JCB компаниясының әмбебап 3СХ экскаваторының негізінде бұл машинамен сіз тек қана жолдарды жөндеу жұмыстарымен шектелмейсіз. Potholemaster-ге жыл бойы әртүрлі көптеген жұмыстарға арналған аспалы құрылғыны орнатуға болады.

Машина мына төмендегі сипаттамамен ұсынылады:

  • Heavy Duty Sweeper коллекторы — жинау уақытын қысқартады және жинақты және қауіпсіз орналасуды қамтамасыз етеді.
  • Patch planner — жаңа асфальтты дәйекті тығыздауға мүмкіндік беретін айқын тік жақты кесік.
  • Жетілдірілген EasyControls — экскаваторды оңай басқаруды қамтамасыз етеді.
  • Powerslide — күш салмай және зақымдалу қатерінсіз жылжуға мүмкіндік береді.
  • Torquelock — жылжу радиусын ұлғайтады және жылжу уақытын төмендетеді.

Тиегіш экскаваторларын дамыту бөлімінің басқарушы директоры Иветт Хеншелл-Белл әңгімеледі: "Инженерлер тобы соңғы алты ай бойы автомобиль жолдарының бағытында ынтамен жұмыс істеді – енді біздің техникамыз сектордың қажеттілігіне және тілегіне жауап бере алатынына кепілдік бере аламыз. Британдық автомобилистер үшін шұңқырлар және ойлар үлкен проблема және көбінесе жөндеу процесінде біз бар болғаны «лейкопластырды желімдейміз, бірақ емдемейміз».

Біз JCB Potholemaster үлгісімен экономикалық тиімді және мемлекеттің шұңқыр-ойларды жөндеу сияқты маңызды проблемасынан құтылуға көмектесетін сенімді шешімін ұсынамыз.

Жыл сайын Англия және Уэльс аумағындағы саналған шұңқырдың саны екі миллионнан астам және осы жол проблемасының арқасында көліктері зақымданаған автомобилистер миллон фунт стерлинг төлейді.

Сондай-ақ, Иветт мырза қоса айтқандай: JCB Potholemaster үлгісіндегі басты ыңғайлылық, ол екі ілмені орналастыру болып табылады. Басқа машиналардың тістерін және қылшақтарын кезекпен ауыстыру үшін қымбатты уақытың босқа кетеді. Ал, біздің үлгіміз тек қана шұңқырды жөндеумен шектелмей, сонымен қатар жұмыстың басқа түрлерін орындайды – жер қазу және тиеу, ол үшін, мысалы, тек кана ілменің шөмішін ауыстыру, бұл біздің техникамызды әмбебап етеді.

JCB компаниясы барлық секторларды өзінің машиналарымен қамтамасыз ете алатынын тағы да дәлелдеді. Осы аталған экскаватор әмбебап болып табылады және тек қана жол жөндеумен шектелмейді, оны жыл бойы қолдануға болады (қарды жинау т. б.). Бұл инвестицияны ең жоғарғы мөлшерде қайтарылуын қамтамасыз етеді. Бір уақытта бірнеше міндеттерді орындай алатын әмбебап машинаны шығару арқылы, JCB әмбебап және төзімді машинаны сатып алуда қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

барлық жаңалыктар »

Банер2