Ұнтақтағыш-сұрыптағыш қондырғылар

Ұнтақтағыш-сұрыптағыш қондырғылар шикізатты алғашқы және екінші ретті өңдеуге, жарықшақталған тасты, кенді, құмды-қиыршық тасты ұнтақтау жолымен майдалауға, тау жыныстарын сұрыптауға, сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге арналған. Ұнтақтағыш-сұрыптағыш қондырғылардың қолдану аясы кең: тау-кен өнеркәсібі (ары қарай технологиялық процестер үшін карьерлердегі кенді тікелей дайындау), темір бетонды құрылым өндірісінде кенсіз құрылыс материалдар өндірісі, көмір өнеркәсібі (көмірді ұнтақтау мен сұрыптау), металлургия (шихта, флюс, қоқыс компоненттерін ұнтақтау мен сұрыптау, құю құмдарын регенерациялау), құрылыс шығындарын өңдеу, жол-құрылыс жұмыстарына жақын мобильді асфальтты зауыттар үшін жол жамылғыларын рециклдеу технологиялары кезінде асфальтты ұнтақтау мен сұрыптау және жіңішке фракциялы сапалы қиыршық тастарды алу, теміржол жолының баллосты қабатына арналған сапалы қиыршық тасты алу).

Protrade Central Asia компаниясы Powerscreen және Terex Minerals Processing Systems (Terex MPS) компаниялардың ресми дилері болып табылады.

Powerscreen — Terex корпорациясының бір бөлігі — мобильді ұнтақтағыш, себу және шаю қондырғыларын дайындау мен өндіру саласындағы эксперт. Powerscreen өнімдері күрделі жағдайларда жұмыс істейді және жөндеуіне минималды уақыт кетеді, өнімділіктің жоғары дәрежесі мен жоғары сенімділігімен нарықта жетекші болып табылады.

Powerscreen қондырғылардың кең модельді қатарын ұсынады: мобильді беттік, конусты, соқпалы ұнтақтағыштар, Warrior мен Chieftain көлбеу құм електер және H-Range сериялы көлденең құм електер.

Powerscreen Crushing_Brochure_Russ_0513Powerscreen буклет по дробилкам (1.9 MB)

Powerscreen Screening_Brochure_Russ_0513Powerscreen буклет по грохотам (2.1 MB)

Terex ® Minerals Processing Systems клиенттерге әлемнің барлық мемлекеттерінен ұнтақтағыш-сұрыптағыш технологиялық қондырғылардың толық жиынын қамтамасыз етеді. Минералдарды өңдеу индустриясындағы артта қалған 100 жылдық жұмыс тәжірибесі бар Terex өзінің бизнесін жетік түсінеді және ұзақ мерзімді келешекке экономикалық тиімді шешімдерді ұсынуға ұмтылады. Қондырғылар келесі салаларда қолдану үшін жобаланады және жасалады:

  • пайдалы қазбаларды алу;
  • құрылысқа арналған толтырғыштарды өндіру: карьерлерді жасау мен құм мен қиыршық тасты өндіру;
  • өнеркәсіптік минералдарды өндіру;
  • бұзу қалдықтарын өңдеу.

Terex ® MineralsProcessingSystems стационарлы және жартылай стационарлы ұнтақтағыш-сұрыптағыш қондырғылардың кең ауқымын ұсынады:

  • жүйелік және модульды қондырғалар;
  • жылжымалы жабдықтар;
  • беттік, конусты және соқпалы ұнтақтағыштар (тік білікті ұнтақтағыштарды қоса);
  • құм електер;
  • желтартқыш, дірілдік және пластинкалы қоректендірушілер.

Terex Range brochureTerex буклет (3.8 MB)