Жүк көтергіш жабдық

Жүк көтергіш жабдық – жүкті тиеу-түсіру мен жүкті тасу жұмыстарымен байланысты заманауи өндірістің, құрылыстың, көлік, логистикалық және сервистік қызмет көрсетудің бірде бір саласы жұмыс істей алмайтын техника. Біздің компания Hyster, JLG, Magni және Combilift халықаралық жетекші компаниялардың жүк көтеру жабдықтарын ұсынады.

Hyster компаниясының атауы ашалы жүк тиегіш машиналардың жетекші жеткізушісі ретінде өнеркәсіпте жақсы танымал. Hyster өнімі өзінде инновациялық әрлемді, анағұрлым жақсы өндірістік әзірленуді, жасау мен сынаудың заманауи технологияларын үйлестіреді. Hyster жүк тиегіштерінің модельдік қатары бүгінгі таңда жүктерді өңдеу бойынша барлық қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын модельдердің 140 түрімен нарықтағы ең кешенді және әмбебаптардың бірі болып табылады. Салмағы 48 тонна түпқоймалы немесе онсыз жүктердің кез келген түрлерін қозғалта алатын қоймалық қондырғылар болсын немесе контейнерлерді тиеуге арналған тиегіштер болсын – Hyster компаниясы әрқашан сіздің талаптарынызға сай болатын шешімдерді ұсынады.

Combilift компаниясы материалдарды түсіруге арналған тиімді шешімдерді ұсынатын компания болып саналатындығы көптен бері белгілі. Арнайы білім, нарықты білу мен практикалық тәжірибе ұзын өлшемді жүктерді тасымалдау үшін тамаша шешім — Combilift жүк тиегіштерін шығаруға мүмкіндік берді. Combilift компаниясы өнімдерінің сұрыпталымының ішіне материалдарды түсіруді жеңілдететін шешімдер жиыны кіреді. Әлемдегі бірінші барлық бағыттарда жылжи алатын толық жетекті тиегіш – Combic тиегіші.

Соңғы 15 жыл ішінде Combilift компаниясы ұзын өлшемді жүктерді тасымалдау саласында көшбасшы болып танылды. Компания 19000 астам көліктерді сатты, Combilift өнімдерін 75 астам мемлекеттерде қолданады.

JLG Industries, Inc. компаниясы JLG, Toucan мен Liftlux саудалық маркалармен сатылатын биікте атқарылатын жұмыстарға арналған жылжығыш платормалар өндірісіндегі әлемдік көшбасшы болып табылады. Шамамен 40 жыл бойы JLG компаниясы биікте атқарылатын жұмыстарға арналған платформаларды әзірлейді және өндіреді. Модельдер қатарында келесілер бар — топсалы буындасқан ауырлық көтеруге арналған жабдығы (стрела) бар дизельді көтергіштер, телескоптық ауырлық көтеруге арналған жабдығы бар дизельді көтергіштер, дизельді қайшылы көтергіштер, аспа бесігі бар электркөтергіштер, қайшы тәрізді электркөтергіштер, діңгек көтергіштер, Compact crawler стрелкалық көтергіштер, қызметкерлерге арналған тік көтергіштер.

buklet_jlg_protradeJLG буклет (1.6 MB)

MAGNI Telescopic Handlers – жүк көтергіштігі 38 тонналық бұрмалы телескоптық тиегіштер мен ауыр телескоптық тиегіштердің өндірісінде маманданған итальяндық өндіруші. MAGNI көтеру биіктігі 18 бастап 30 метр арасында болатын жүк көтергіштігі 4-тен 6 тонна арасыдағы бұрмалы телескоптық тиегіштерді өндіріп шығарады. MAGNI конвейерінен шыққан әр модель жұмысқа қажетті кез келген аспалы қондырғылардың барлығымен (платформа, жүкарба, шөміш, айырлар мен тағы басқалармен) жабдықталған. MAGNI компаниясы әлемдегі ең биік бұрмалы телескоптық тиегіш MAGNI RTH 5.30 өндірушісі болып табылады.

Magni RTH 5.18 (2.3 MB)

Magni RTH 5.21 (2.3 MB)

Magni RTH 5.23 (2.2 MB)