Жол-құрылыс техникасы


JCB компаниясының негізі 1945 жылы қаланды және шамамен 70 жыл бойы заманауи, жоғары өнімділікті және сенімді құрылыс техникасын өндіру бойынша өзінің қызметін табысты орындап келеді: тиегіш-экскаваторлар, дөңгелекті және шынжыр табанды экскаваторлар, телескопты тиегіштер, фронтальды тиегіштер, шағын экскаваторлар, жол-құрылыс материалдарын тығыздауға арналған техника, мини-техника және басқалары. Бүгінгі таңда JCB әлемнің ең ірі бес өндірушілерінің қатарына кіреді. Бұл компанияның даму стратегиясының үш негізгі ұстанымының арқасында мүмкін болды – сапа, инновация мен бүкіл әлем бойынша техникалық қызмет.

Компания қызметкерлерінің саны шамамен 10 000 адам, іскерлік белсенділігі әлемнің 150 астам мемлекетінде таралған, ал шығарылатын техниканың сұрыптамасы шамамен 300 атаудан тұрады. Сонымен қатар компания нарықтың берілген сегментінде қосалқы бөлшектерді жеткізудің анағұрлым дамыған жүйесіне ие.

JCB компаниясы өндірілетін өнім мен қызмет сапасын жақсартуға зор үлесін қосып отыр. JCB-та олар шығаратын техника ең үздік екеніне сенеді, алайда өздерінің мүлтіксіздікке талпынады, оны одан әрі жақсартуға ұмтылады. Осымен JCB компаниясының бірегейлігі анықталады.

www.jcb.kz